Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда әйгілі субұрқақтың суы қара түске боялды

Италияда әйгілі субұрқақтың суы қара түске боялды



Италиядағы бір топ климат белсендісі экологияға назар аударту мақсатында әйгілі Рим субұрқағы Фontana dei Quattro Fiumi (Төрт өзен субұрқағы) суына ағаш көмір қосылған қара сұйықтық құйған.

Белсенділердің айтуынша, адамзатты «осы судай қап-қара» болашақ күтіп тұр. Қызғылт сары кеудеше киген белсенділер субұрқақтың ішіне кіріп тұрған. Бұған қоса бар қызғылт сары түсті баннерлер де ілінген.

Бұл Италиядағы басқа да тарихи орындарда, соның ішінде Римнің орталығындағы Испан баспалдақтарындағы Баркачча субұрқағында наразылық шерулерін жүргізген климат белсенділері болуы мүмкін деген болжам бар.

Белсенділерді полиция тұтқындап, оларға қоғамдық ескерткішке зиян келтірді деген айып тағылды.

Айта кетейік, Римдегі әйгілі Пьяцца Навонада орналасқан Фьюми субұрқағын 1651 жылы италиялық мүсінші Джан Лоренцо Бернини жасаған.
10 мамыр 2023 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30