Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » қара шаштан сары шашқа

қара шаштан сары шашқа

ÒаÑа ÑаÑÑан â ÑаÑÑ ÑаÑÒаШаштың табиғи қара түсін сарыға бояу рәсімі әжептәуір қиын және кейде тіпті шаштараз мамандарының қолынан келмей жатады. Шашты зақымдап алмай, әдемі реңкке бояу белгілі бір ережелерді ұстануды қажет етеді. Қара торыдан сары шаштыға айналу Ең қиыны табиғатынан қара шашты сарыға бояу. Мұндай шаштың құрамы көбіне қалың және құрылымы жағынан тығыз болып келетіндіктен, ашық рең беретін бояу оны бірден алмайды. Ал бұдан мықты компоненттер шашты зақымдауы мүмкін. Мұның алдын алу үшін шашты біртіндеп бояу қажет. Шашыңыздың түсін түбегейлі өзгертпес бұрын ашық түсті парик киіп көріңіз. Бәлкім, қара қасыңыз, көзіңіз бен кірпіктеріңізге ашық түстен гөрі қоңыр немесе қара түс жарасатынын байқайтын боларсыз? Қара реңкті кетірудің бірінші амалы – түссіздендіру. Ол үшін арнайы құрам сатып алу керек. Бұл бұрым пигментіне әсер етіп, құрамын өзгертеді. Шаш бұдан өңсізденеді, бұдан кейін оны кез келген түске бояуға болады. Түссіздендіру рәсімі шашты бояу рәсімі сияқты жүргізіледі. Бояу шаш түбірінен ұшына дейін мұқият жағылады. Кейін бояуды бірнеше уақыт ұстап, шайып тастау керек. Түссіздендіргеннен кейін шашты келесі реңкке боямас бұрын екі-үш апта күту қажет. Бұл уақыт шаштың қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Бұған сонымен қатар, бальзам мен маскалар көмектесе алады. Түссіздендіруден кейін қара реңктен шығу әлдеқайда жеңіл. Бастапқыда таңдалған түске қарай, сол реңкке максималды жақын түске бояуға болады. Бұдан кейін екі-үш апта өткен соң, қараторыдан сары қызға айналу рәсімін аяқтауға болады. Есіңізде болсын, ашық алтын реңктер боялғаннан кейін екі-үш аптадан соң шашта қызғылт сары пигменттер қалып, шайылып, түсі кете бастайды. Сары балапанға ұқсап қалмас үшін күлгін колерлі реңкті сусабындарды қолданыңыз. Боялған шашты күту Шашты бірнеше рет түссіздендіріп, қайта бояй бергеннен шаш өңсізденіп, сынғыш бола бастайды және табиғи жылтырынан айрылады. Шаштың саулығын қайта қалпына келтіру үшін арнайы құрылғыларды пайдаланыңыз. Косметикалық дүкендерде боялған шашқа арналған құнарлы маскалар мен бальзамдардың түр-түрі бар. Сонымен қатар табиғи өнімдерден жасалған маскаларды да пайдалана аласыз. Сурет: kpopimage.com Дайындаған: Анар Мұстафина

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 1 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930