Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАҒАЗДАН СЫРҒА ЖАСАУ

ҚАҒАЗДАН СЫРҒА ЖАСАУ


Сырға салу.Қажетті заттар: Картон қағаз (қалыңдау болғаны жақсы), қағаз бет орамал, ПВА желімі (өте қою болмауы керек), күміс және қара түсті акрил бояуы, акрил лагы (тырнақ бояйтын лакпен алмаструға болады), қылқалам, тіс шұқығыш, жібек жіп, сызғыш, қайшы, тістеуік.Жасалынуы: 1. Бұл жолы пейп- арт стиліндегі этникалық сырғаны жасаймыз. Ең алдымен картоннан көлемі 4×5 см төрт тік төртбұрыш қиып алады.
2. Бет орамалдың әр бөлігін 5×6 см етіп тіктөртбұрыш қияды. Картонның бетіне жұқалап желім жағып, жібек жіппен үстінен ою жүргізеді. Төртбұрыштың жиектеріне тіс шұқығышты орналастырады. Қағаз бет орамалды суға малып алып, дымқыл күйінде астыңғы жағына ПВА желімін жағып, картонның бетіне жабады. Орамалды жапқанда жіп пен тіс шұқығыштан жасалған өрнектің бедеріне келтіру керек.
3. Өрнектің айшықталуы және әдемі көрінуі үшін бет орамалды тағы бір қабаттап жабады.
4. Қағаз толықтай кепкен соң бетіне қара түсті акрил бояуы жағылады. Бояу жаққанда қылқаламмен оюдың бедеріне жақсылап жағу керек. Бір жаққан бояуды кептіріп (шамамен 5-6 сағат кебеді), екінші рет тағы бояу жақса әдемі көрінеді.
5. Қара түсті бояу кепкен соң күміс түсті бояуды үстінен жұқалап жағып шығады. Сырға күміске ұқсап тұруы үшін күміс бояуды бірнеше рет (әр жаққан бояу кепкен соң) жағу керек.
6. Ең соңында бояу кепкен соң түссіз лак жағып аяқтайды. Тістеуікпен сырғаға ілмек жасайды. Осылай ерекше этно стильде сырға дайын болады.
09 қараша 2018 ж. 3 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031