Қыша қағазын дұрыс пайдаланудың жолдары
Әрбір отбасының дәрі қобдишасыннан қыша қағазының табылары сөзсіз. Алайда, оны дұрыс қолдану жолдарын көпшілігіміз біле бермейміз. Тіпті оны тек суық тигенде ғана қолдану қажет деген түсінік қалыптасып қалған. Ал қыша қағазының көптеген емдік қасиеттері бар. Ендеше таныс бола отырыңыздар. Қыша қағаз — бетіне майсыздандырылған қыша ұнтағы жағылған тығыз жалпақ қағаз. Оның төрт қалташа қыша ұнтағы бар ламинатталған және жалпақ түрлері бар. Көбіне біз қыша қағазды жөтелге қарсы қолданамыз. Қағазды жылы суға батырып алғаннан кейін оның құрамындағы эфир майы белсенді түрде бөлінеді. Содан барып тері рецепторларының тітіркенуі мен ұнтақтың өткір иісін сеземіз. Қыша қағаз денеге таңғаннан кейін барып әсер етеді, оның астындағы қан тамырлары кеңейеді, қанның ағуы жиілейді, емдеуді қажет ететін ағзаға нәрлендіруші заттар көбірек түседі. Емнің мұндай әдісі тыныс алу жолдарының түрлі ауруларына, бронxитке, жөтелге, өкпенің қабынуына тиімді. Қан қысымының көтерілуіне, бас ауруына және бастың сақинасы ұстағанда, бел құяңына, ұйқысыздыққа қарсы бірден бір емдік құрал болып табылады. Қыша қағазды қалай таңу керек? Қыша қағазды ауруыңыздың сипатына қарай таңған дұрыс. Мысалы, басыңыз ауырып, тұмауратып тұрсаңыз, онда оны желкеңізге, ал кеңірдегіңіз ісіп, бөрітіп ауырса, көкірегіңіздің үстіңгі жағына таңғаныңыз жөн. Сонымен қатар тыныс жолдары немесе өкпеңіз қабынса жауырынның астыңғы жағы мен ортасына жабыстыру қажет. Гипократтың "Бір қасық дәріде бір қасық у бар" деген мақалын есте сақтаңыз. Бұл мақалдың қыша қағазға да қатысы бар. Кез келген дәріні ақылмен қолданған жөн. Қыша қағазды жылы суға батырып, таза және сау теріге таңу қажет. Емдік қасиетке ие қағаз жақсы қыздыру үшін үстінен сүлгі немесе кез келген жұмсақ түкті матаны, ал жылуын сақтап қалу үшін науқастың үстіне жеңіл көрпе жабу керек. Егер де тері қызарып жатқанын сезсеңіз, тез арада қыша қағазды алып тастаңыз. Балаларға қалай таңған дұрыс? Қыша қағазды балаларға таңғанда өте сақ болған жөн. Қыша қағазды денеден алғаннан кейін, қыша ұнтағының қалдықтарын міндетті түрде тазалап тастау керек. 30-40 минуттан кейін теріге арнайы немесе балаларға арналған иіс майын жағуға болады. Қыша қағазды түнде ұйықтардан 1 сағат бұрын таңған дұрыс. Есіңізде болсын! * Зақымдалған, сырылған, аллергиялық немесе басқа да бөртпесі бар теріге қыша қағазды таңуға болмайды. * Науқастың ыстығы көтеріліп тұрған кезде қыша қағазды таңуға тиым салынады. Науқастың ыстығы түскеннен соң 24 сағат өткеннен кейін ғана таңуға болады. * Қыша қағазды баланың беліне, омыртқамын немесе жүрегінің тұсына таңуға болмайды. Әсіресе бір жасқа толмаған балаларға таңғанда өте абай болу қажет. Баланың денесін күйдіріп алмау үшін екі қабат дәкенің үстінен таңған жөн. * Қыша қағазды 2 күнде бір рет таңған дұрыс. * Екіқабат әйелдерге, қатерлі ісікке, өкпе құртымен ауыратындарға, қатты әлсірегенде, эфир майына аллергиясы бар адамдарға қыша қағазды қолдануға мүлде болмайды. Қызықты мақалалар:
Massaget.kz сайтына
Massaget.kz сайтына