Көнеден жеткен көрік
Сонау көне замандарда халқымыздың күнделікті қолданысында болған тұрмыстық заттардың орнын бүгінде заманауи технология алмастырды. Десек те, халық мұрасын зерттеп, зерделеп, көпшілікке насихаттайтын музейлерде көненің көзіндей болған жәдігерлер көптеп саналады. Мен бүгін көне замандарда ұстаның басты құралы болған көрік жайында мағлұмат бере кеткенді жөн санап отырмын.
Алдымен көрік деген сөздің төркіні қайдан шықты, соған тоқталайық. Бұл жөнінде бірнеше дерек бар. Мәселен, Түркі тілдерінің кейбірінде «күөртээ», яғни «үрлеп жандыру» деген мағынаны білдіреді екен. Ал қазақ тіліндегі «көрік» атауының да түп-төркіні осы сөзден шыққан. Көріктің қазіргі тіліміздегі тура мағынасы – ұста дүкеніндегі былғарыдан немесе теріден жасалған үрлеуіш.
Көрік – ұста, зергерлердің құралы. Түрлі металды балқытып, өңдеу үшін оттыққа жел беріп тұратын былғары, тері және ағаштан жасалатын құрал. Көріктің бірнеше түрі бар. Олар: «мес көрік», «қол көрік», «аяқ көрік», «үлкен көрік», «кіші көрік». Көрік неғұрлым үлкен болса, оның көмейінен оттыққа берілетін ауа қысымы да соғұрлым жоғары болады.
Осындай көріктің бірі Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінде сақтаулы тұр. ХІХ ғасырдың көне жәдігері темір ұстасы – Шубай Жұматайұлына тиесілі болған. Заманында темірден түйін түйген ұста Шубай ауданымыздағы саусақпен санарлық темір ұстасы еді. Ол кісі 1903 жылы Бәйдібек ауданының Тасқұдық ауылында туып-өскен. Үш сыныптық білімі бар Шубай атаның шебер қолдарынан шыққан дүниелер көпшілікті тәнті еткен. Тіпті Шубай ұстаны қолдан-қолға тигізбей басқа жаққа да алып кетіп отырған. Ол кісі Отырар ауданының Шәуілдір ауылында темір ұстасы болып елге қызмет еткен. Тұрмыс-тіршіліктің қиын кезеңдерінде бүкіл ауыл шаруашылығына қажетті арба, соқа, қайла, тағы да басқа тұрмыстық заттарды аса шеберлікпен жасайтын темір ұстасы Шубай елге сыйлы, беделді болыпты. Ауданымыздың Жүзімдік аулында Шаян МТС-да ұзақ жылдар темір ұстасы болған Шубай Жұматайұлын көзі қарақты ауыл қариялары әлі күнге дейін ерекше құрметпен айтады. Көнеден жеткен көрікті Шубай ұстаның ұрпақтары музей жәдігерлерінің қатарына өткізген. Қазіргі таңда бұл көрік музейдің «Металдан жасалған бұйымдар» экспозициясында көрмеге қойылған. Бабадан қалған мұра келушілерге насихатталып, дәріптелуде.
https://egemen.kz