ЕЛ ҚОРҒАНЫ БОЛУҒА ҚАЖЕТ БІЛІМ МЕН ДАҒДЫ
Ел тәуелсіздігі мен бейбіт тіршілігін сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ал Отанды қорғау – әр азаматтың борышы. Осы орайда жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, заманауи әскери-техникалық біліммен қаруландырудың маңызы зор.
М.Тынышбаев атындағы ALT University әскери кафедрасы студенттерді кәсіби даярлаумен қатар, олардың бойына отансүйгіштік, тәртіп, жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше мән береді. Мұнда болашақ запастағы офицерлер мен сержанттар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, ел қорғаны болуға қажетті білім мен дағдыларды игереді.
Кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі – даярлықты тарихи таныммен сабақтастыру. Ел қорғаған батыр бабаларымыздың ерлігі, Алаш қайраткерлерінің өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі. Университетке есімі берілген қазақтың тұңғыш теміржол инженері, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың өмір жолы да білімге, еңбекке және елге қызмет етуге үндейді.
Қазіргі армия – жоғары кәсіби білімі мен заманауи цифрлық технологияны меңгерген мамандарды қажет ететін күрделі жүйе. Әскери кафедрада көлік, логистика және жауынгерлік қамтамасыз ету бағыттарының ұштасуы осы талаптарға жауап береді. Себебі әскердің жауынгерлік дайындығы сапалы материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз етуге де тікелей байланысты.Әскери кафедрада оқу – жастар үшін кәсіби бағдар тұрғысынан да үлкен мүмкіндік. Студентке тек әскери саланың ерекшелігін танытып қоймай, тәртіп, жинақылық, шешім қабылдау, командамен жұмыс істеу сияқты өмірде қажет қасиеттерді қалыптастырады. Бұл – көлік, логистика, байланыс, инженерлік және басқа да әскери-техникалық бағыттарға қызығатын жастар үшін болашақ мамандығын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Бүгінгі студент – ертеңгі ел қорғаны. Ел қауіпсіздігіне үлес қосу жоғары білім мен кәсіби шеберлікті, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық рухты талап етеді. Осы құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру – әскери кафедра ұжымының басты міндеттерінің бірі.Биыл М.Тынышбаев атындағы ALT University құрылғанына 95 жыл. Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы талай буынға сапалы білім беріп, көлік және логистика саласына білікті мамандар даярлап келеді. Осы мерейлі белеске орай университет басшылығын, профессор-оқытушылар құрамын, барлық қызметкерлері мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз.
Білім ордасының абыройы асқақтап, ғылыми-білім беру әлеуеті арта берсін. Ел экономикасы мен көлік-логистика саласына, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосатын білікті мамандарды даярлау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!Отанды қорғау – биік мәртебе әрі абыройлы міндет.
Ел болашағы – білімді, тәртіпті, отаншыл жастардың қолында!
Айдын ЧУНЕТОВ,
ALT University әскери кафедрасы бастығының орынбасары – оқу бөлімінің бастығы,
запастағы полковник,
техника ғылымдарының магистрі