Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - әскери өкілдіктер мамандары күні

Бүгін - әскери өкілдіктер мамандары күні

Қорғаныс министрлігінің құрылымында бұл бөлім 2012 жылғы 28 желтоқсанда құрылды.Әскери өкілдіктер мемлекеттік қорғаныс тапсырысының тапсырмаларын орындайтын отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында орналасқан. Олардың құзыретіне әскери мақсаттағы өнімнің сапасын бақылау мен оны қабылдау кіреді.Өкілдіктің бұл міндеттері Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мүддесі үшін орындалады. Әскери өкілдіктер орталығында офицерлер, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануда жеткілікті әскери тәжірибесі бар запастағы офицерлер қызмет атқарады. Олар қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғаныс құралдарының жаңа өндірістерін игеру және өнім сапасын бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысқа тікелей қатысады. Әскери өкілдіктердің құрылуы қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығу жағдайларын едәуір төмендетуге және кейбір позициялар бойынша алып тастауға мүмкіндік берді.
28 желтоқсан 2024 ж. 185 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031