Екінші оқу кезеңінің әскери дайындық сабақтары жалғасуда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әскери кафедрасының 2021-2022 оқу жылының бірінші оқу кезеңінде әскери дайындықтың оқу үдерісі қалада қалыптасқан карантиндік жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту әдісімен өткізілді, ал кейбір практикалық сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып әскери кафедра базасында жүргізілді.
Әскери кафедрада әскери дайындықтың дәріс, семинарлық сабақтары «Классрум», «Zоом» бағдарламалары және Watsapp желісінің көмегімен, ал тәжірибелік, саптық және тактикалық сабақтар кафедраның және университеттің оқу материалдық техникалық базасында, атап айтқанда, кафедраның сыныптарында, оқу-жаттығу мен саптық алаңдарында жүргізілді.
Әрине, мұндай аралас оқыту әдісі әскери дайындықтан өтуші жастардың бойында әскери тәжірибелік машықтардың қалыптасуына толық мүмкіндік бермейді.
Эпидемиологиялық ақуалдың жақсаруына байланысты2021-2022оқу жылының екінші оқу кезеңінің үшінші аптасынан бастап оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, әскери кафедра базасында өткізілуде.
2021-2022оқу жылының екінші оқу кезеңінде әскери мамандықтардың бейіндік және жалпы әскери пәндері бойынша оқу сабақтарын 90 сағат көлемінде, ал оқытушының басшылығымен білім алушы студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу 30 сағат көлемінде өткізу жоспарланған.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант