Қыркүйектің ортасында ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 15, 16, 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Солтүстік-батыс циклоны, атмосфералық фронттар әсерінен елдің солтүстік, шығыс бөлігінде, сондай-ақ, оңтүстік-шығыстың таулы жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді.
16 қыркүйектен бастап батыс циклоны әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және жел күшейеді, ал 17 қыркүйекте кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы +20+27 градусқа жетеді.
Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді: батыста +19+30 градусқа, шығыста +18+25 градусқа, оңтүстік-шығыста +22+28 градусқа дейін жетеді.







