
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Құрылтай сайлауы өтуде. Бұл – әрбір азаматтың ел басқару ісіне өз үлесін қосып, қоғамның дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша азаматтық ұстанымын білдіретін маңызды саяси науқан. Бүгін Ақмая ауылындағы №301 сайлау учаскесінде сағат 07:00-ден бастап дауыс беру басталды. Әрбір берілген дауыс – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Әр азаматтың таңдауы – мемлекетіміздің жарқын келешегіне қосылған үлес. Ел болашағы – әрқайсымыздың таңдауымыздан басталады!