«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру семинары ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Тұрлыбекқызы Майра және аудан тұрғындары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет және телефон алаяқтығының алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен қаржылық тәртіпті сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында мамандар алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері, жеке деректерді қорғау, күмәнді қаржылық операциялардан сақтану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Семинар соңында қаржылық сауаттылықты арттыру қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігінің маңызды кепілі екені атап өтіліп, тұрғындар алаяқтықтың кез келген түріне сақтықпен қарауға шақырылды. Сонымен қатар, осындай ақпараттық-түсіндіру шараларын тұрақты түрде өткізу қажеттігі айтылып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылық білдірілді.
Шара аясында қатысушыларға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен мәлімет ұсынылды. Мазмұнды әрі пайдалы форматта өткен жиын тұрғындар тарапынан жоғары бағасын алды.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі