Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - БАСТЫ МІНДЕТ

ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - БАСТЫ МІНДЕТ

23 маусым - еліміздегі құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген тәртіп сақшылары үшін айрықша маңызы бар күн. 1992 жылы дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, 2007 жылы бұл күн ресми түрде Полиция күні болып бекітілді. Мереке қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев Полиция күнінің маңызына тоқталып, бұл күннің ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсететін ерекше мереке екенін атап өтті.



- 23 маусым - қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлері үшін ерекше күн. Бұл - халықтың тыныштығын күзетіп, заң мен тәртіптің сақталуына үлес қосып жүрген тәртіп сақшыларына алғыс пен құрмет білдіретін мереке. Сонымен қатар, бұл - қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан әріптестерімізді еске алатын тағылымды әрі қастерлі күн.Олардың ерлігі мен есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Жас ұрпақ үшін бұл - Отанға адал қызмет етудің, антқа беріктіктің және шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі. Осы мақсатта облыс бойынша құрылған «Жас сақшы» полиция сыныптарында бүгінде 150-ге жуық оқушы білім алуда. Оның ішінде 50 оқушы оқу жылын үздік нәтижемен аяқтады. Бүгінде өңірімізде ардагерлер ұйымына тіркелген 2 500-ден астам зейнеткер бар. Ардагерлердің өмірлік және қызметтік тәжірибесі жас қызметкерлер үшін үлкен тағылым мектебі болып табылады. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халыққа жақын полиция» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау жүйесінде халықпен ашық әрі сенімді байланыс орнатуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілуде. Бұл жұмыстар полиция қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беруде. Полиция қызметі - уақытпен емес, ел алдындағы адалдықпен өлшенетін абыройлы міндет. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына қосқан әрбір полиция қызметкерінің еңбегі қашанда жоғары бағалауға лайық.Осы мереке қарсаңында барлық тәртіп сақшылары мен сала ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнап, халқымыздың бірлігі нығая берсін, - деді Серік Әбдімәуленұлы.
22 маусым 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930