Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА МРТ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МРТ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Сәрсенбі күні Шиелі ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен ­Руслан Рүстемов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ыскаков келді. Олардың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында МРТ аппараты іске қосылды.

Магнитті-резонансты томограф аппараты ендігi жерде күнiне шамамен 20 тұрғынның диагнозын дәл анықтауға сеп болады деп күтілуде.
Айта кетейік, Шиелі ауданында ұлттық жоба аясында 8 дәрігерлік амбулатория, 30 төсектік инфекциялық және инсульт бөлімшесі бар ауруханаға қосымша құрылыс салынды. Сондай-ақ аймақ басшысының қолдауымен 30 санитарлық автокөлік берілді.

«Өскен өңір» ақпарат
02 наурыз 2026 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30