Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық қызмет сапасы тың сатыға көтерілуде

Медициналық қызмет сапасы тың сатыға көтерілуде

Конституция күніне орай денсаулық сақтау саласы үшін аса маңызды нысан – 30 төсектік жұқпалы ­аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі. Ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа нысанның ­заманауи медициналық қызметтің орталығына айналуына сенім білдірді.
Жаңа бөлімше жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде маңызды рөл атқарады. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимаратта тұрғындар сапалы, уақытылы әрі қолжетімді медициналық көмек алатын болады.
Бұл игілікті бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асты. Жоба шеңберінде Қызылорда облысы бойынша 28 медициналық нысан бой көтерсе, соның 8-і Шиелі ауданының үлесіне тиіп отыр.
Сонымен қатар аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат ашылып, заманауи МРТ аппараты орнатылды. Бұл құрылғы ауруларды ерте анықтап, нақты диагноз қоюда үлкен мүмкіндік береді.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031