2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР МЕДИЦИНАСЫНДА СЕРПІН БАР

СЫР МЕДИЦИНАСЫНДА СЕРПІН БАР

Ауылдық жерлердегі тұрғындарды сапалы медицинамен қамтамасыз ету қашанда маңызды. Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленді. Жоба фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін ұйымдастыру және ауылдық денсаулық сақтау объектілерін медицина ­кадрларымен жасақтау сынды міндеттерді қамтиды.
Аймақта осы ұлттық жоба аясында 27 медициналық мекеме салынады деп жоспарланған. Оның 15-і ел игілігі үшін пайдалануға берілуде. Биыл Сыр медицинасында серпін бар. Осы жылы аталған салаға 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағыттаған. Жоғарыда ұлттық жоба аясында өңірде жаңа заманауи медициналық нысандар бой көтергенін тілге тиек еттік. Соның бір парасын атап өтейік. Бүгінде Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Сонымен қатар медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,3 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Жедел жәрдем қызметіне осы жылы 25 санитарлық көлік алынды.

«Өскен өңір» ақпарат
26 желтоқсан 2023 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930