Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр медицинасының әлеуеті артуда

Сыр медицинасының әлеуеті артуда



Облыста денсаулық сақтау саласының көкжиегі кеңейіп, жыл өткен сайын медициналық мүмкіндіктер молайып келеді. Бүгінде өңірде 18 стационарлық және 22 амбулаториялық-емханалық медицина ұйымы халыққа қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 27 нысанның құрылысы бекітіліп, министрліктен қолдау тапты. Қазіргі таңда 15 дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық бекеттің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, биыл құрылысы басталатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жангелді Шайымбетов мәлімдеді.
– Бүгінде аймағымызда әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы жоба шеңберінде 2021 жылы облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 70,83-ті құрады. Сондай-ақ, аудандар мен елдімекендерде сапалы әрі заманауи медициналық ғимараттар салу – басым бағыттардың бірі. Осы орайда, былтыр Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 80 мыңнан аса тұрғынға қолжетімді және жоғары сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 250 келушіге арналған емхананың құрылысы аяқталды. Ал Арал ауданы, Тастүбек елдімекені мен Қазалы ауданы, Жұбан ауылында 2 медициналық бекет өз жұмысын бастады. Сонымен қатар биыл қаламызда бір ауысымда 100 келушіні қабылдауға толық мүмкіндігі бар 300 төсек-орындық көпбейінді аурухананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұдан бөлек, қалада жылына 5000-10000 жоспарлы донациялық IV санаттағы облыстық қан орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Былтыр медициналық мекемелер толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, облыстық жедел-жәрдем стансасына 20 дана санитарлық автокөлік алынып, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы 100 пайызды құрады. Жалпы Сыр медицинасының елдегі абыройы асқақ. Себебі, өңірдегі тұрғындардың денсаулықтары жақсарып, аймақ дәрігерлері күрделі оталарды жасауда жоғары деңгейде біліктіліктерін көрсетуде. Дәрігерлерінің шетелде тәжірибе алмасу жұмыстары да ширап келеді. Медициналық ұйымдардың барлығы аккредиттеуден өтіп, сапа стандартына сай деп танылды. Сол себепті емдеу ұйымдарымыз талапқа сай, дәрігерлеріміздің білімі мен тәжірибесі ұштасқан деп айта алар едім, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Жангелді Мырзагелдіұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
18 қаңтар 2023 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930