Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстанға бастар жол
Мемлекет басшысы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ерекше мән берген болатын. Сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуде де Қ.Тоқаев бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, басты мақсат – жазалау емес, ескерту болуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар бизнеске негізсіз қысым көрсетудің әрбір дерегі Бас прокурор мен бірінші басшылардың жеке бақылауында болатынын жеткізді.Осы тапсырмалар аясында аудан әкімдігі прокуратурамен бірлесіп кәсіпкерлермен, инвесторлармен тұрақты кездесулер өткізіліп келеді. Еркін форматтағы мұндай жиындарда ұсыныс-пікірлер тыңдалып, проблемалық мәселелер заң шеңберінде шешілуде. Өткен аптадағы кезекті кездесу соның айқын дәлелі болды.
«Руханият» орталығында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен прокурор Мейрамбек Маханбетжанов қатысқан жиын «Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбында өтті. Басқосу ашық диалог форматында кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Жиын барысында аудан көлеміндегі қылмыстық ахуал, құқықбұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік нысандарындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы және салық заңнамасындағы өзгерістер, кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаудар жан-жақты талқыланды.
Қылмысқа қарсы күрес – ортақ міндет
Жиында құқық қорғау органдары өкілдері соңғы жылдардағы қылмыстық жағдайға тоқталып өтті. Полиция бөлімінің бастығы Болатхан Ниязханұлы баяндамасында алкогольдік ішімдік тұтынудың қоғамға тигізер кері әсерін нақты деректермен көрсетті. Мәселен, өткен жылы аудан көлемінде алкогольдік ішімдік ішіп жасалған қылмыстар саны 22-ге жеткен. Оның ішінде теріс қылықтармен қатар, онша ауыр емес, орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелген.

Сондай-ақ мас күйінде көлік басқару деректері де алаңдатарлық екені айтылды. Бұл бағытта бөлім басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша бірқатар азаматқа әкімшілік шаралар қолданылғанын, мұндай құқықбұзушылықтар адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін атап өтті.
– Осы ретте ауданда жүзеге асырылып жатқан «Арақсыз ауыл» жобасының маңызы ерекше, – деген Б.Ниязханұлы жобаны қолдаған елді мекендерде қылмыс деңгейінің төмендегені, қоғамдық тәртіптің нығайғанын айтты. Бұл бастама жастарды зиянды әдеттерден алшақтатып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тиімді құрал ретінде бағаланды.
Санитариялық қауіпсіздік – кәсіпкер жауапкершілігі
Кездесу барысында кәсіпкерлік объектілеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына айрықша назар аударылды. Бұл бағытта уәкілетті орган өкілдері аудан аумағындағы бақылау-қадағалау жұмыстарының нәтижелері туралы жан-жақты баяндады.

Аудан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда эпидемиологиялық маңызы жоғары және маңызы төмен кәсіпкерлік нысандар тіркелген. Олардың қатарында жеке балабақшалар, қоғамдық тамақтану орындары, сауда дүкендері, тамақ өнімдерін өндіру және өткізу нысандары, стоматологиялық кабинеттер мен мектеп асханалары бар. Өткен жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында бірқатар нысан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулермен қамтылып, профилактикалық бақылау шаралары жүргізілген.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Әйтекеева:
– Тексеру қорытындылары бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысанда санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, өнімдердің таңбалану талаптарына сай келмеуі, санитариялық нормалардың бұзылуы және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін жағдайлар тіркелді. Осыған байланысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.
Сонымен қатар өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында сауда нысандарынан сынама алу жұмыстары жүргіздік. Зертханалық сараптама нәтижесінде кейбір тауарлардың техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталып, оларды сатылымнан алып тастау, кері қайтару және айналымға жібермеу жөнінде жедел шаралар қабылданды. Бұл жұмыстардың барлығы тұтынушылардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда, – деді.
Салық саласындағы өзгерістер түсіндірілді
Жиынның келесі бөлігінде қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахманов арнаулы салық режимдерін оңтайландыру бағытында енгізілген жаңашылықтарға тоқталып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы режим, оңайлатылған декларация негізіндегі режим және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған салық салу тәртібі туралы нақты ақпарат берді.

Сондай-ақ қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және көлік салығына қатысты өзгерістердің мәні мен қолдану тәртібі егжей-тегжейлі баяндалды. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру, мерзімінде хабарлама беру және салықтық міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атады.
Басқарма басшысы кәсіпкерлерге белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауысу қаупі бар екенін ескертті. Сондықтан заң талаптарын сақтау кәсіпкердің өз мүддесі үшін маңызды екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта «Таза парақ» қағидаты аясында айыппұлдар саны азайып, салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер енгізіліп келеді.
«Халық бухгалтері» акциясы шеңберінде мамандар сауда орындары мен базарларды аралап, кәсіпкерлермен тікелей кездесулер өткізіп, салық заңнамасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар салық органдарының қолжетімділігін арттырып, оң бағасын алуда.
– Сонымен қатар кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен және аудандық мәслихаттың шешімімен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілер үшін корпоративтік және жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шешім кәсіпкерлерге елеулі қолдау болып отыр.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі аясында жүргізілген сауалнама қорытындысы да Шиелі ауданындағы кәсіпкерлік ахуалдың жақсы деңгейде екенін көрсетті, – дейді аудандық кірістер басқармасының басшысы.
Кәсіпкерлікке қолдау – нақты іспен дәлелденіп отыр
Кездесу барысында ауданның кәсіпкерлік саласындағы ахуалы мен мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кең көлемде мәлімет берілді. Атап айтқанда, өткен жылы аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6347-ге жеткен. Оның ішінде 577 заңды тұлға, 4283 дара кәсіпкер және 1487 шаруа қожалығы бар. Бұл көрсеткіш аудан экономикасында кәсіпкерліктің маңызы артып келе жатқанын аңғартады.

– Бүгінде ауданда кәсіп бастауға да, оны дамытуға да мүмкіндік мол. Адал еңбек етіп, заңды кәсіптен табыс табамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы бағытта кәсіпкерлер палатасының атқарып отырған жұмысы айрықша. 2025 жылы палата арқылы 349 азаматқа 1100-ге жуық консультациялық көмек көрсетіліп, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік гранттар алу үшін толық сервистік сүйемелдеу жасалды. Нәтижесінде ауданға 100 миллион теңгеден астам қаржы тартылды.
Мемлекеттік қаржылай қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында өңірлік жұмысшы топтың қатысуымен «Арман» мәдениет үйінде кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізілді. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілерге арналған көрме ұйымдастырылып, кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, жаңа серіктестер мен тұтынушылар табуға мүмкіндік алды. Семинарға аудан прокуроры, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты, – деді жиында сөз алған кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бекзатхан Бауыржанұлы.
Жетістіктер – жүйелі жұмыстың нәтижесі
Жиында өткен жылғы жетістіктерге де тоқталды. Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқауына Шиелі ауданынан 13 кәсіпкер қатысып, аудан абыройын асқақтатты. Комиссия шешімімен «Компания Гежуба Шиелі Цемент» – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «HONEYMOOD–Балдай» кондитерлік цехы – «Үздік кондитер өнімдері», ал «Orda Best Stroy» кәсіпорны «Үздік инновациялық жоба» номинацияларының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ жергілікті ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында Бренд-комитет шешімімен «Barly Bai & K» өндірістік кооперативі жеңімпаз атанып, 4,9 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болды. Бұл ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдаудың нақты нәтижесін көрсетеді.
Бизнесті қорғау – басты басымдық
Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудандық прокуратура жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, ол кәсіпкерлердің өтініштері мен түйткілді мәселелерін жедел қараумен айналысуда.
Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудандық прокуратура жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, ол кәсіпкерлердің өтініштері мен түйткілді мәселелерін жедел қараумен айналысуда.
Аудан әкімдігі мен прокуратура тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелер уақытылы шешімін табуда. Бұл өз кезегінде инвесторлардың ризашылығын тудырып, жаңа жобаларға жол ашпақ.
Ашық диалог – өзара сенімнің негізі
Кездесу соңында аудан кәсіпкерлері көрсетіліп отырған қолдау мен өзара түсіністік үшін аудан әкіміне, аудан прокурорына, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға алғыстарын білдірді. Кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуы – билік пен бизнес арасындағы сенімді әріптестіктің нақты нәтижесі екені айтылды.

Басқосу ашық диалог форматында өткендіктен, кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын еркін қойды. Санитариялық талаптар, тексеру тәртібі, салық салу механизмдері мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нақты жауаптар берілді.
Жиын соңында аудан басшылығы мен құқық қорғау органдары өкілдері заң мен тәртіп қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет пен кәсіпкер арасындағы ашық әрі әділ әріптестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні айтылды.
Қорытынды сөз алған аудан басшысы Айтбай Насриддинұлы мемлекеттік орган мен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенім мен әріптестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталып, кез келген мәселе заң шеңберінде диалог арқылы шешілуі тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар жаңа прокурор Мейрамбек Жаңбырбайұлы да кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз кедергі келтіруге жол берілмейтінін, керісінше мемлекет тарапынан нақты қолдаулар көрсетілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілерін қорғау – прокуратура органдарының басты бағыттарының бірі. Заң талаптарын сақтай отырып жұмыс істейтін кәсіпкерлерге әкімшілік қысым көрсетілмейді, ал туындаған түйткілді мәселелер бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп жедел әрі нақты шешімдер қабылданатын болады.
Бұл ұстаным кәсіпкерлер тарапынан оң бағаланып, ашық диалог форматындағы кездесудің маңызын арттыра түсті. Кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді еркін көтеріп, мемлекеттік қолдаудың тетіктері, заңнамалық өзгерістер мен қорғау механизмдері жөнінде нақты жауаптар алды. Мұндай ашықтық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас өңірдегі кәсіпкерлік ортаны дамытуға, заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға серпін беретіні айтылды.
Гүлхан ЯХИЯ,
Суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ