Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 77 КАМЕРА: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

77 КАМЕРА: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев полицияның қоғамдағы орны мен рөлі туралы: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет», – деген болатын. Расында, қоғам әрқашан белгілі бір тәртіпке қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни болашағы болмайды. Бұл ежелден қалыптасқан үрдіс және тәртіпті орнатудың өзіндік жолдары бар.
Жақында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков полиция бөлімінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы полиция бөлімнің қызметін бақылаумен қатар, олардың өзекті мәселелерін қарады. Бөлімдегі техникалық базаның жабдықталуын аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болатхан Ниязханұлы таныстырды. Бүгінде тәртіп сақшылары аудандық полиция бөліміндегі 34 қызметтік автокөлікпен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес қалалық және аудандық полиция бөліністеріндегі кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру жүктелген. Осыған орай облыс әкімінің қолдауымен 7 аудандық полиция бөліміндегі жедел басқару орталығын құруға қаржы бөлінді.
Мұндай орталық біздің ауданда да ашылды. Айта кетейік, қазір кент орталығында 77 дана бейне бақылау камерасы және жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде анықтайтын 7 дана стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жедел басқару орталығы тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстайды. Мұндағы қызметкерлер қоғамдық тәртіптің сақталуын осы жерден бақылайды. Тіпті көліктің ішіндегі адамның бетбейнесі мен көліктің нөмірін де анықтауға болады. Полицейлер бейнекамералардың тиімді екенін айтады. Бейнебақылау камералары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, автокөлік қозғалысы көп басты көшелерге, темір жол вокзалы, автовокзал, базар, сауда үйлері, көше жол қиылыстарында орнатылған. Осылайша Шиелідегі құқықтық тәртіп қадағаланып отырады. Сонымен қатар камера қосылғалы 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Аудан басшысы орталықтың басты мақсаты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, қоғамдық тыныштықты сақтауда нәтижелі жұмыстар атқарылу керектігін тапсырды.
Айнұр ИБРАШ,
Суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ
20 қаңтар 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031