АУДАН ӘКІМІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудан әкімі аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Ата Заңы — Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың бизнес өкілдері үшін маңызы, кәсіпкерлік қызметті дамытуға беретін жаңа мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ заң үстемдігін күшейту, жеке меншік құқығын қорғау және кәсіпкерлердің мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Жаңа Конституцияның басты мәні – адам мен оның құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану. Азаматтардың еркіндігі, ар-намысы мен қауіпсіздігі мемлекет назарында болуы тиіс. Бұл бағытта қоғам мен билік арасындағы жауапкершілік теңгерімі күшейіп, әділеттілік қағидаттары алдыңғы орынға шығады. Сонымен қатар жаңа Конституция билік жүйесінің тиімділігін арттыруға, шешім қабылдау үдерістерін жетілдіруге және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған. Мемлекеттік институттар халық мүддесіне қызмет етуі керек деген ұстаным айқын көрініс табады» - деді аудан басшысы. Кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын атап өтті.@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі







