Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынадыМемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.


2026 жылы бұл жұмыс жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін қамти отырып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолында жүзеге асырылады.
Жалпы көлемнің 2,3 мың шақырымы құрылыс және реконструкциялау жұмыстарына, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуге, ал тағы 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына бағытталады.
2026 жылы құрылыс пен реконструкциялау бойынша негізгі жобалардың қатарында Ұлытау облысы аумағындағы ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолындағы жұмыстарды жалғастыру, жалпы ұзындығы 896 шақырымды құрайтын «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 232 шақырымды құрайтын Ақтөбе – Ұлғайсын, 572 шақырымдық Қарағанды – Жезқазған және өзге де бағыттар бойынша жобалар бар.
«2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл біздің транзиттік-көліктік әлеуетімізді дамытуға қатысты. Үлкен жобалардың қатарында: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл және өте маңызды басты жоба – Орталық-Батыс.
Бүгінгі күні барлық жоспарланған іс-шаралар мен қажетті техникалық-экономикалық негіздемелер алынды, жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, қажетті қаржы көзделген», деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.
Ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Рахман қайнарларына апаратын жолды, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы учаскесін қоса алғанда, туристік және шекаралық бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасады.
Күрделі және орташа жөндеу жобаларын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылы Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал, Жаңаөзен – Кендірлі, Мұқыр – Құлсары, Макинск – Ақсу – Торғай және тағы да басқа бағыттарда жол жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Жергілікті жол желісі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ Семей қаласында автогужевтік көпір құрылысын жалғастыру көзделуде.
Сонымен қатар автожол саласында заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарында 71 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылған, оның ішінде 38-і республикалық маңызы бар жолдарда, 33-і жергілікті жол желісінде орналасқан.
Алдағы кезеңде олардың санын 220 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату және пайдалану бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекітіліп, олар «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» (ӘӨБТ) процессингтік орталығымен интеграцияланды. Соның нәтижесінде автоматтандырылған стансалар тіркеген салмақ параметрлерінің бұзылуына қатысты нұсқамалар автоматты режимде қалыптастырылады.
«Жүзеге асыру бөлігінде бізде автомобиль өткізу пункттері бойынша жаңғырту жүріп жатыр. Ауқымды жұмыс басталды. 2026-2027 жылдар ішінде біз 33 өткізу пунктін толық жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілетін 35 млн тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігімен реконструкцияны толығымен аяқтаймыз», деді вице-министр.
2026 жылы автожол саласындағы «e-Joldar» бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Аталған жүйенің негізгі мақсаты — эталондық деректерді шоғырландыру және олардың қоғамдық бақылау үшін ашықтығын қамтамасыз ету.
«Сондай-ақ бізде автомобиль жолдары бөлігінде саланы цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз қазір толық қалыптастырған «E-Joldar» ақпараттық жүйесін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз: барлық қажетті техникалық тапсырмалар, шарттар алынды. Келесі жылдан бастап толтыру басталады, бұл қажетті құжаттарға, төлқұжаттарға, жөндеуаралық мерзімдерге жалпы қол жетімділіктің толық болуына, қоғамдық бақылауға, барлығына қол жеткізуге мүмкіндік береді», деп атап өтті ол.
Вице-министрдің айтуынша, 2026 жыл ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, қолданыстағы жол желісін жаңғыртуды және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді үйлестіретін автожол саласын дамытудың маңызды кезеңіне айналады. Жол салу, жөндеу және басқару салаларындағы кешенді тәсіл автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, өңірлердің тұрақты дамуына және еліміздің көлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Келесі жылға ауқымды жұмыс жоспарланған, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер мен мақсаттар толық орындалатын болады», деп қорытындылады Мақсат Қалиақпаров.


04 қаңтар 2026 ж. 71 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 109

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031