Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 7 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

Биыл 7 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 7 мың шақырым жол пайдалануға беріледіАйта кетейік, 2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жеткен. Оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды. Қалған 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Сонымен қатар биыл жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Бүгінгі таңда, мысалы, «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» сияқты ірі көлік күре жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл жобалар жол жүру уақытын қысқартады, көлік шығындарын азайтады әрі жол қауіпсіздігін арттырады. Аталған жобалардың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысында ұзындығы 840 метр болатын Шақпақ баба асуында туннель құрылысы аяқталуға жақын қалған. Құрылыс аймақ үшін үлкен маңызға ие, өйткені асу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің күрделі бөлігі болып саналады. Бүгінде бетон мен асфальт төселіп, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелерін, желдету және өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша іске қосу-реттеу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

«Көлік инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды объект – Алматы облысындағы Шамалған стансасында автомобиль жолы өтпесінің салынуы. Өткелдің ашылуы автокөліктердің темір жолдардан қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның шығысында ұзындығы 1 316 метр Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл көпір өңір үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұрын шалғай аудандардың тұрғындары паром өткелін пайдалануға мәжбүр болған.
Сондай-ақ еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» автожолын реконструкциялау жұмысы басталған. Одан бөлек, «Жезқазған – Петропавл», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Қарағанды – Аягөз – Боғас» және «Семей – Барнаул» жолдары орташа жөндеуден өтетіні хабарланды.

Фото: Ашық дереккөз
23 тамыз 2024 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031