Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкім шыршасы: Балалар арманына қанат бітірген күн

Әкім шыршасы: Балалар арманына қанат бітірген күн

Күнтізбе жаңарып, тағы бір жыл тарих парағына айналатын сәт те жақындап қалды. Жаңа жыл – әрбір адамның жүрегіне үміт ұялататын, жақсылыққа жетелейтін ерекше мереке. Бұл күн – өткенге ой жүгіртіп, жеткен жетістіктерге шүкір айтып, жаңа жоспарлар құратын сәт.
Жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайтын дәстүрлі шара – аудан әкімінің шыршасы ерекше көңіл-күймен өтті. Шараға аудан бойынша оқу үлгерімімен, өнері мен спорттағы жетістіктерімен көзге түскен оқушылармен қатар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балалары шақырылды. Аталған мереке жас өрендерге жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың жүрегіне ерекше қуаныш ұялатты.
Мерекелік кештің шымылдығы ашылған сәттен бастап балалар ертегі әлеміне енгендей әсер алды. Салтанатты сәтте бүлдіршіндер аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен бірге жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, думанды кештің шырайын кіргізді. Театрландырылған қойылым барысында жылан жылын салтанатты түрде шығарып салып, жылқы жылын шаттықпен қарсы алу рәсімі көрсетіліп, көрермендерге мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды.
Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған ойындар, ән-билер мен қызықты көріністер балалардың көңілін көтеріп, олардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Әсіресе балалардың жаңа жылдық би билеп, өнерлерін көрсетуі мерекенің мазмұнын байыта түсті.
Шара барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы жас жеткіншектерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың ел болашағы екеніне ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде жас ұрпаққа сапалы білім алып, туған елінің дамуына үлес қосатын азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар балаларға зор денсаулық, бейбіт өмір мен жаңа жылда мол жетістік тіледі.
Мерекелік кеш соңында барлық қатысушы балаларға аудан әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Балалар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Олардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш бұл шараның тәрбиелік әрі рухани маңызы зор екенін көрсетті.
Аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы – жас ұрпаққа қамқорлық көрсетудің, олардың болашағына деген сенім мен ықыластың айқын көрінісі. Осындай игі шаралар балалардың жүрегіне үміт отын жағып, Жаңа жылды жарқын көңіл-күймен қарсы алуына мүмкіндік береді.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 23 0

Қоғам

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 24

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031