ШЫРША ШАТТЫҒЫ

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты» деп атап өтті. Сол себептен сіздер ұлтын сүйетін, отанын қорғайтын, ата-ананы сыйлайтын, ұстаздарын қадірлейтін, достықты бағалайтын, білімді азаматқа лайық болуларыңыз керек. Балалардың бақытты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық көрсетіліп, барлық жағдай жасалып келеді. Баршаңызға жаңа жылан жылында бақыт, денсаулық, үздік оқу тілеймін. Жаңа шыңдардан көрініп, ауданның даңқын көтере беріңіздер, – деді А.Жандарбеков.
Сондай-ақ шара барысында аудан әкімі оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етті. Әрі қарай жаңа жылдық кеште балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Ұлу жылымен» қош айтысып, «Жылан жылын» қарсы алды. Мұнан соң жаңа жылдың кейіпкерлері аяз ата мен ақшақарды қарсы алған құлыншақтар ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салып, сыйлықтарға ие болды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.
«Өскен өңір» ақпарат