Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 51 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 51 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл осы мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылған болатын. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
«Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, 2023 жылдан бері өңірдегі 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты салынып, ел игілігіне табысталды. Аталған қордың демеушілігімен Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері шәкірттерге есігін айқара ашады.
Кәсіпкер демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық жағдайдағы мектептің орнына жаңадан білім ордасы салынды. Соңғы үш жылда 15 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
«Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар сарайы, облыстық бюджет қаржысына Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандарынан 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынды.
Биыл «Қазақстан халқына» қоры арқылы 500 млн. теңгеге 2 мектеп ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды. Бүгінде аталған қордың 2,5 млрд. теңге қаржысына облыстағы 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектептің физика, химия, биология пәндік кабинеттері құрал-жабдықтармен қамтылды.
Білім саласын қолдаудың арқасында Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен Қызылорда облысы республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды, яғни ҰБТ-ға қатысқан 9 352 оқушының орташа балы 75,7 болды. (республикалық орташа көрсеткіш – 70,1). Талапкерлер жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты жеңіп алу бойынша да республикада бірінші орынға шықты.
Жақында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысының командасы қоғамдық-гуманитарлық бағытта 2-орын, жаратылыстану-математикалық бағытта 3-орынды иеленді.
Боливияның Сукре қаласында өткен 36-халықаралық олимпиадада (International Olympiad in informatics-IOI) Қазақстан құрама командасы атынан сайысқа түскен Қызылорда қаласындағы С.Шаухаманов атындағы №9 Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мамадахунов Мансұр күміс медаль алды.
WORLDSKILLSKAZAKHSTAN X республикалық чемпионатында қызылордалық жастар 1 күміс, 5 қола медаль және 5 үздік маман медальонына ие болды.
Ұстаздар жетістігіне тоқталсақ, «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2025» республикалық байқауына қатысқан Шиелі ауданы «Айналайын» бөбекжай-бақшасының әдіскері жүлделі І орынды, «Мектепке дейінгі ұйымының үздік педагогі – 2025» республикалық байқауына қатысқан Қазалы ауданы №11 «Балапан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі бас жүлдені иеленді. «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы –2025» республикалық байқауынан Қызылорда қаласындағы «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы ІІІ орын алды. «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық конкурсына 11 педагог қатысып, 7-еуі жүлделі орынға (1 – І орын, 1 – ІІ орын, 5 – ІІІ орын) ие болды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2025» республикалық байқауында 5 ұстаз, «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2025» республикалық байқауында 6 ұстаз, «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық байқауында 4 ұстаз жүлделі орындарға лайық деп танылды. «Математикалық регата – 2025» республикалық байқауында Қызылорда облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. «Үздік педагог – 2025» конкурсының республикалық кезеңіне 10 ұстаз қатысып, оның 4-еуі жеңімпаз атанды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 желтоқсан 2025 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031