ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар cарайының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы жерлестерін заманауи қосымша білім беру орталығының құрылысы басталуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміздің және Үкімет деңгейіндегі жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Сыр өңірінде тың жобалар жүзеге асуда. Жарасымды істің жалғасы ретінде бүгін, міне, шаһардың сол жағалауынан «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,3 млрд теңге болатын заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының іргетасы қалануда. Жаңа нысан білім мен тәрбие ордасына айналып, онда жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне оңтайлы мүмкіндік жасалады. Балаларға көл-көсір қуаныш сыйлаған компания ұжымына Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әлима Әбдіхалықова да ізгі тілек білдірді.
Айта кетейік, өңірдің білім саласына 278 млрд теңге бөлініп, ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Қазан айында Қызылорда қаласында 600 орындық, қараша айында Шиелі ауданы Байсын ауылында 250 орындық мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы 4 мектепке
1850 орындық қосымша ғимарат салынды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы 250 орындық, Жаңақорған ауданындағы 300 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілмек.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Биыл 10 мектептің құрылысы басталды. Оның бесеуі облыс орталығынан бой көтеруде. Ал қалған 11-інің құрылысы келер жылы қолға алынады.
«Білімді қолдау қоры» есебінен құны 7 млрд. 900 млн теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен сол жағалаудан 4 млрд. 800 млн теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталмақ.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі