Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерде тұман байқалады. Батыста және солтүстік бөлігінде күндіз 7° аяз, түнде 15° аяз болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр, кей жерде 15-20 метрге дейін жылдамдықпен соғады. Атырау мен Ақтауда түнде -2…7°, күндіз -3…2° шамасында болады.
Солтүстік және орталық өңірлерде аяз сақталады, кей жерлерде тұман және көктайғақ күтіледі. Астана мен Көкшетауда түнде -13…-24°, күндіз -7…-12°. Солтүстік облыстарда кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, ауа температурасы түнде 20-30° аяз, күндіз 10-17° аяз шамасында болады.
Шығыс өңірлерде түнде қар, боран, кей жерлерде тұман күтіледі. Жел секундына 9-14 метр, кей таулы және шығыс аудандарда 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 24-33° аяз, күндіз 15-23° аяз болады.
Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел секундына 8-20 метнгеАуа температурасы түнде -10…-3°, күндіз 2-10° шамасында болады. Алматы мен Қонаевта көктайғақ, Шымкент пен Түркістанда түнде -3…-7°, күндіз 7-10° жылы болады.
11 желтоқсан 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031