Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз бен құмды дауыл болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз бен құмды дауыл болады

Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен құмды дауыл болады, - деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер алты облыста ескерту жариялады. 
3 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
3 мамырда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Кей жерлерде күші секундына 15-20 метр жел болады. 
Ертең түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 3-5 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - секундына 15-20 метр. 3 мамырда күндіз, 4-5 мамырда тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метр жел болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр болады, кей жерде екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
02 мамыр 2021 ж. 694 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031