Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АТАМЕКЕН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

«АТАМЕКЕН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалына қарасты «Атамекен» бастауыш партиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, "Арман" мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шалекеева Жолдаудағы жеті бағыт бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жолдаудың жеті басты бағытқа тоқталып, соңында парламенттік реформа жайлы ойымен бөлісті.

1. Инвестиция тарту – шикізаттан бөлек өңдеу саласына қаражат тарту, инвесторлардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру, инвестиция саясатын қайта қарау.
2. Өңдеу өнеркәсібі – жаңа кәсіпорындар ашу, сирек металдар мен газ-химия өндірістерін дамыту, «жасыл» энергия жобаларына серпін беру.
3. Ауыл шаруашылығы – агрохолдингтер тәжірибесін тарату, агрохабтар құру, мал шаруашылығын қолдау, ұлттық өнімдерді экспорттау.
4. Көлік-логистика – «Солтүстік–Оңтүстік», «Шығыс–Батыс», Транскаспий дәліздерін дамыту, жаңа теміржол жобаларын іске асыру, цифрландыруды енгізу.
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – инфрақұрылымды жаңарту, тариф пен сапаны сәйкестендіру, «Ақылды қала» үлгісін тарату, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
6. Кәсіпкерлікті дамыту – заңнаманы жеңілдету, жасанды интеллект көмегімен реттеуді енгізу, кәсіпкерлерді нәтижеге қарай ынталандыру.
7. Адам капиталы мен білім – «Келешек мектептері», жасанды интеллект негіздерін мектептен бастап оқыту, «Qazaq Digital Mektebi» жобасы, «Жұмысшы мамандықтары жылы».
8. Парламенттік реформа – 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, бір палаталы Парламент құру мәселесін халық талқысына салу.
Жиынға партия мүшелері «Арман» мәдениет үйінің, «Айналайын» балабақшасының, «Жадыра » балабақшасының қызметкерлері қатысып жолдаудағы, 7 бағыт бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

#AMANAT
#Жолдау2025
19 қыркүйек 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930