Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: НЕКЕ ҚИЮ ЖӘНЕ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: НЕКЕ ҚИЮ ЖӘНЕ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалы және азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Шиелі аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастырумен 15 қыркүйек - Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай салтанатты түрде неке қию және туу туралы куәліктер табыстау рәсімі болып өтті.
Салтанатты рәсімге аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Нәйла Әбілқасымқызы, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы қатысып, жас жұбайлар мен нәрестелердің ата-аналарына «AMANAT» партиясының атынан арнайы алғыс хат табыстап, құттықтау лебіздерін білдірді. Шиелі аудандық АХАТ бөлімі нәрестелерге сый-сияпаттарын табыстады.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының азаматтары Досов Фархат Әлханұлы мен Перимбетова Мөлдір Мейрамбекқызының некелері салтанатты түрде тіркелді. Сонымен қатар Нұрмағанбетов Марат Қонысбайұлы мен Мұсаева Зүбайра Барлыбайқызының отбасында дүниеге келген оныншы перзентіне және жас отбасы Барлыбаев Ертуған Қанатұлы мен Ибрахимқызы Шарапаттың нәрестесіне туу туралы куәліктері салтанатты түрде берілді.
Шараның мақсаты неке мен отбасы институтын дәріптеп, мәдениет, моральдық құндылықтарды және ұлттық дәстүрлер негізінде нығайту, қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту болды.
11 қыркүйек 2025 ж. 25 0