Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПОДАҚ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАДЫ

КӘСІПОДАҚ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАДЫ

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім қызметкерлерінің балаларына қолдау көрсетті.
Шарада 100 оқушыға мектепке қажетті құралжабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Онда оқу процесіне қажетті дәптерлер, қалам-қарындаштар, сурет салу құралдары, сызғыштар мен бояулар бар. Бұл – кәсіподақ тарапынан көрсетілетін жыл сайынғы қолдаудың бір көрінісі.
Әрбір отбасы үшін жаңа оқу жылының маңызы ерекше. Әсіресе, бұл күні мектепке алғаш баратын балалар айрықша толқыныста болады. Осы ретте білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырған акция ата-аналарға да, балаларға да үлкен қуаныш сыйлады.
Акция барысында кәсіподақ төрайымы Гүлбану Тәжбенова ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, акцияның маңыздылығына тоқталды:
– Бұл бастама – біздің ұйымның маңызды жобаларының бірі. Бала – отбасының болашағы ғана емес, елдің де ертеңі. Олардың жақсы білім алып, тәрбиелі болып өсуіне жағдай жасау – баршамыздың қоғам алдындағы ортақ міндетіміз. Кәсіподақ мүшелерін қолдау және олардың балаларына лайықты жағдай жасау біздің тұрақты басымдығымыз болып қала береді, – деді.
Акцияда ата-аналар кәсіподақтың осындай дәстүрлі бастамаларына ризашылықтарын білдіріп, бұл көмектің жаңа оқу жылына дайындық кезінде үлкен демеу екенін атап өтті. Балалардың мектепке деген қызығушылығы, олардың сөмке асынғандағы көңіл-күйлері іс-шара мәнін айшықтай түсті.
Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да акцияға тұрақты түрде үлес қосып, білім саласы қызметкерлерін және олардың отбасыларын қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асыруды жоспарлап отыр.

А.ДҮЙСЕНБАЙ
04 қыркүйек 2025 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930