Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » №47 мектеп-лицейіне – үздік ұйым гранты

№47 мектеп-лицейіне – үздік ұйым гранты

Оқу жылы қарсаңында дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті. Онда білім саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа оқу жылына қойылатын негізгі міндеттер кеңінен талқыланып, маңызды ұсыныстар ортаға салынды.
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы конференция барысында өңір ұстаздарының еңбегі еленіп, түрлі марапаттар берілді.
Соның ішінде облыс әкімінің «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына Шиелі ауданындағы №47 мектеп-лицейі лайық деп танылып, 34 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл білім ұясы – еліміз бойынша үздік инновациялық мектептердің қатарында. Мұнда жоғары санатты, тәжірибелі ұстаздар еңбек етсе, олардың жетекшілігімен дарынды оқушылар түрлі деңгейдегі білім сайыстарында оза шауып келеді.
Мектеп тек біліммен шектелмей, өнер мен спортты да қатар ұштастыра отырып, жан-жақты тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Осы еңбектің нәтижесі ретінде үздік деп танылған білім ұйымына табыс тілейміз!

«Өскен өңір» ақпарат
26 тамыз 2025 ж. 18 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031