Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Кеше аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құқық қорғау органдары басшыларымен бірге аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
“Руханият орталығында” өткен жеке қабылдауға аудандық сот судиясы Дархан Исабек, аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев, аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Ғалымжан Мамбетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Шиелі аудандық бөлімшесінің бастығы Асқар Баймаханов және жауапты сала басшылары қатысты.
Аудан басшысы мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Ал, құқық қорғау органдарының басшыларына, тұрғындар жер үлестері мен жерді рәсімдеу мәселелерін жеткізді.
Тұрғындардың мәселелері қаралып, заңдылық аясында, реттілігіне қарай шешімін табатын болды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
08 сәуір 2025 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031