Абай облысының құтқарушыларына 20 техника берілді

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникалармен толықты. Облыстың орталық алаңында Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңа арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсіміне куә болдық. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген. Бұл жолғы салтанатты жиында құтқару қызметінің қажеттіліктеріне арналған 23 техниканың кілті жүргізушілерге тапсырылды. Олардың қатарында жоғары өтімді жүк көліктері, арнайы құтқару машиналары мен «Трэкол» көлігі бар.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігіне алғыс білдіріп, жаңа техникалардың келуі – аймақ халқының қауіпсіздігіне жасалған маңызды қадам екенін жеткізді.
«Біздің аймақ – орманды-далалы, өрт қаупі жоғары өңір. Сондықтан бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтарға артылар жүк те, сенім де мол. Олар антына адал, сертіне берік, елдің амандығын бәрінен жоғары қоятын азаматтар. Сол ер жүрек мамандарға да шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, оқыс жағдайларға үнемі дайын болу мақсатында, қажетті қауіпсіздік техникалары кезең-кезеңімен толықтыру тұрақты назарда болатынын да баса айтқым келеді», деді аймақ басшысы.
Көлік кілтін тапсыру рәсімінде сөз алған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа техниканың құтқарушылар жұмысына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Іс-шара соңында облыс әкімі Төтенше жағдайлар министрімен бірге Құтқарушылар аллеясына шырша көшеттерін отырғызды.
Абай облысы