Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Азия Кубогінде нысана көздеуден көш бастады

Қазақстан Азия Кубогінде нысана көздеуден көш бастады

Қазақстан Азия Кубогінде нысана көздеуден  көш бастадыБүгін Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогінің соңғы жарыс күні өтті, деп жазады Egemen.kz. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, дүбірлі додада сәтті өнер көрсеткен мергендеріміз жалпы есепте көш бастады. Қазақстан қоржынына жиыны 12 алтын, 9 күміс, 4 қола түсті.  Бүгінгі жарыс күнінде ел спортшыларының сапында Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова 50 метрден винтовкадан атудан  (командалық) алтын жүлде олжалады.  Жекелей сында Париж олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле 50 метрден винтовкадан атуда үздік екенін дәлелдеп, алтыннан алқа тақты.  Дәл осы сында отандасымыз Елизавета Безрукова күміспен күптелді. Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен атудан бірінші тұғырдан көрінді.  Жалпы командалық есепте Қазақстаннан кейін екінші сатыға Оңтүстік Корея жайғасса, үздік үштікті Сингапур түйіндеді. 
21 ақпан 2025 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930