Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледі

Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледі

Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледіБұған дейін нысана көздеуден 14 медальмен (5 алтын, 6 күміс, 3 қола) жалпы есеп бойынша көш бастаған Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен (2 алтын, 1 қола) толықты, деп жазады Egemen.kz.  Аталған 3 жүлдеге қол жеткізген ұлттық құрама спортшыларын айта кетсек, командалық сайыста Константин Малиновский, Юрий Юрков, Никита Шахторин бірінші орын алды. Ал винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Токио Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі Юрий Юрков 620.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Тағы бір отандасымыз Никита Шахторин қолаға ие болды (616.7 балл).
23 елден 320-дан астам спортшы қатысқан Азия Кубогі Бангкокта (Таиланд) өтіп жатыр, 22 ақпанда аяқталады.
18 ақпан 2025 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031