Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 10-орынға көтерілді

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 10-орынға көтерілді



Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиаданың үшінші жарыс күні аяқталды. Медальдар кестесінде Қазақстан 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір ел құрамасы еншісінде 11 медаль бар. Оның бірі – алтын, бесеуі – күміс, бесеуі – алтын.

Медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 14-орыннан 10-орынға көтерілді. Көш басында 28 (17-6-5) медальмен Қытай келеді. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның – 28 (13-10-5) Жапонияның 25 (11-7-7) медалі бар.

Жазғы универсиаданың үшінші жарыс күні, 31 шілдеде Қазақстан 6 медаль алды.

Атап айтқанда, таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) дүниежүзілік доданың жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Диана Тұрсынбек (садақ ату) екінші орыннан көрінді.

Көркем гимнастикадан Елжан Таниева екі күміс (доп пен лентамен өнер көрсету), бір қола (құрсаумен сайыс) алды.

Ел құрамасынан винтовкамен 10 метр қашықтықта оқ ату сайысында Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев және Никита Шахторин қола жүлде иеленді.
01 тамыз 2023 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031