Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді

Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді

Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін бердіАқтөбеде 33 жастағы науқасқа ота жасалды. Атыраулық әйелге бөлесі бір бүйрегін берді. Ақтөбе медицина орталығында ағза ауыстыру отасы жасалды. Бұл жолы Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны ем қабылдады. Ол 2022 жылдан бері гемодиализ қабылдайды. 
- Науқасқа 26 жастағы бөлесі донор болды. Донор мен реципиенттің аналары бір туған. Отаны хирург А. Елемесов, Т. Сүйіндіков, анестезиолог М. Қуанышев, медбике А. Махамбеталиев жасады. Ал хирург - трансплантолог Н. Мусин, М. Рысмаханов, Ж. Әлмырзаұлы отаға дайындады. Ота 5 сағатқа созылды. Екі адамның да жағдайы қалыпты, - деп хабарлады Ақтөбе медицина орталығы. 2014 жылдан бері мұнда 81 туыстық бүйгек ауыстыру отасы жасалды. 
19 ақпан 2025 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031