2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайды

Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайды

Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайдыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Конго Республикасымен келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz. Келісім Конго республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топта қазір Моңғолия бар. Топтағы мемлекеттер деректер, мониторинг және аналитика саласындағы озық жобаларын өзара бөлісе алады. 
«Спутниктік платформадан бөлек, Қазақстан оқыту мен тәжірибе алмасуды қамтитын кешенді шешім ұсынады. Қазақстан технологиялық әзірлемелердің орталығы ретінде өз позициясын арттырып келеді. Осы орайда халықаралық әріптестер біздің шешімімізге сенім артады. Бұл – отандық ғарыш индустриясының жоғары деңгейін растайтын екінші табысты экспорттық жоба», деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев. 
Бұл келісім Қазақстан мен Конго Республикасы арасында ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа технологиялық бастамаларды дамытуға ықпал етпек.
04 ақпан 2025 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930