Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерді қашықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды

Жерді қашықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды


Жерді қашықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Осыдан тура бес жыл бұрын 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Гвиана, Франция) KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигі ғарышқа ұшырылған болатын. ЖҚЗ ғарыш аппараты үшінші тәулікте ғарыштан Қазақстанның алғашқы тестілік суреттерін жіберді. Ұшырылған сәттен бастап бес жыл ішінде KazEOSat-1 спутнигі ғарыштан 678 129 сурет түсірді (әлем бойынша суретке түсірілген жалпы аумақ 271 251 815 шаршы километрді құрайды)", - делінген хабарламада. KazEOSat-1 суреттерді Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары үшін және басқа елдерге сату үшін Жер бетін ғарыштан суретке түсіреді. Аталған аппараттың кеңістік рұқсаттамасы 1 метр 1 пиксельге тең. Спутникті франциялық аэроғарыш Airbus Defence and Space концерні арнайы Қазақстан үшін жасаған болатын. Спутник күн-синхронды орбитасы бойымен қозғалады. Бұл дегеніңіз, ғарыш аппараты планетаның бір полюсінен басқа полюсіне қарай қозғалады дегенді білдіреді. KazEOSat-1 спутнигінің радиокөру аймағы континентіміздің ауқымды территориясын қамтиды – Таймыр түбегінен Солтүстік Индияға дейін. Жалпы алғанда, аталған аппарат тәулігіне 14 мәрте айналады. Ғарыш аппараты радиокөру аймағында үш күндік және үш түндік сеанс жасайды. Бір сеанстың ұзақтығы орташа есеппен – 5-10 минут. Осы уақыт аралығында спутникке көптеген бағдарламалық қоманда беріледі, сондай-ақ аппарат арқылы жиналған ақпарат алып тасталады. KazEOSat-1 Қазақстан Республикасының территориясын суретке түсіруге және "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ-на Жерді қашықтан зондтау қызметтерінің толық спектрін ұсынуға арналған, сонымен қатар мониторинг мақсатында Жердің басқа аймақтарын суретке түсіруге, табиғи апаттардың алдын алу, жер кадастрын жүргізу, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картографиялау үшін пайладанылады.

Massaget.kz
02 мамыр 2019 ж. 1 006 0