Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Биыл «AMANAT» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Ол аудандық, облыстық және республикалық 3 кезеңнен тұрады. Бүгін партияның облыстық филиалында байқаудың аймақтық кезеңі қорытындыланып, үздіктері марапатталды.
«AMANAT» партиясының Қызылорда облысында 206 бастауыш ұйымына топтасқан 47 мыңға жуық мүшесі бар. 206 бастауыш ұйымның 44-і 100-ге дейінгі, 151-і 100-500-ге және 11-і 500-ден жоғары партия мүшелері бар ірі бастауыш ұйымдар.
«Үздік бастауыш ұйым» байқауы 23-24 қаңтар аралығында филиалға қарасты барлық қала, аудандарда ұйымдастырылған болатын. Бүгін аймақтық кезеңде сол аудандық деңгейлерде әрбір санат бойынша үздік деп танылған бастауыш ұйымдар жұмысын бағаладық. Бағалау 5 бағытта жүргізілді. Яғни, партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, партияішілік жұмыс, партиялық жұмыста креативті әдістерді пайдалану, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмысы. Негізгі мақсат партиялық құрылымның жұмыс тиімділігін арттыру, бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен белсенділігін күшейту, олардың ынтасын және партияның қызметіне қатысу деңгейін арттыру»,- деді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.
Атап өту керек, облыстық кезеде 100-ге дейінгі партия мүшесі бар 6 бастауыш ұйым, 100-ден 500-ге дейін мүшесі бар 9 және 500-ден жоғары партия мүшелері бар 5 жалпы 20 бастауыш ұйым бақ сынады.
Қатысушылардың барлығы өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсетті. Комиссия шешімімен әр санат бойынша аймақтық кезеңде үздік деп танылғандарға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І санат бойынша 2 орынды Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мейірім» бастауыш ұйымы;
ІІ санат бойынша 2 орын Шиелілік «Атамекен» бастауыш ұйымы иеленді.
Жеңімпаз атанған әріптестерімізді құттықтаймыз!
31 қаңтар 2025 ж. 61 0