Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды
Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанда бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне әкетуге алты айлық тыйым салынады. 29 қыркүйектен бастап Үкімет шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады», делінген мәтінде.
Бұған майлау майлары, сондай-ақ көлікткердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармай жатады. Сондай-ақ уәкілетті органдармен келісу кезінде ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық отынды әкетуге рұқсат етіледі.
«Бұл тыйым мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға және елдегі ықтимал жанармай тапшылығының алдын алуға бағытталған», деді Энергетика министрлігі.бБұйрық 2025 жылдың 29 қаңтарында күшіне енді.