Қазақстан елшілігі АҚШ-та жүрген азаматтарымызға үндеу жасады

«АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі», делінген Қазақстан елшілігінің хабарламасында.
Елшіліктің түсіндіруінше, «Мексикада қалыңыз» саясаты қайта енгізілген. Мигранттар мен саяси баспана сұрайтындар миграциялық сотқа шақырғанға дейін Мексикада қалуға міндеттеледі.
«Ұста да жібер» (catch and release) шарасы тоқтатылған. Бұл өзгеріске орай АҚШ шекарасынан заңсыз өткен мигранттар ісі қаралмайынша қамауда болады. Олар арнайы орталықтарға қамалып немесе бірден келген елдеріне қайтарылады. Азаматтар үшінші елдерге де жіберілуі мүмкін (мысалы, «Мексикада болу» бағдарламасы бойынша). Сондай-ақ, шартты түрде уақытынан ерте босататын немесе АҚШ-қа кіруге алдын-ала жеңілдіктер қарастырылған «CBP One» мобильдік қосымшасы жұмысын тоқтатқан. Консулдық құқықтық көмек қажет болған жағдайда елшілікке хабарласу керек екенін ескертеді.