Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Төтенше жағдай: Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре ала ма?

Төтенше жағдай: Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре ала ма?

Kyzylorda-news.kz. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді.
«Шектеу – бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.
Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

---
15 наурыз 2020 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728