Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ-түрік тілдерінің кешенді сөздігі жарық көрді

Қазақ-түрік тілдерінің кешенді сөздігі жарық көрді

Қазақ-түрік тілдерінің кешенді сөздігі жарық көрдіТүркияда қазақ-түрік сөздігі мен «Түркі тілдеріндегі етістіктер» атты еңбектің таныстырылымы өтті. Халықаралық Түрксой ұйымының штаб пәтерінде өткен мәдени мәжілісте туыстас тілдердің өзара байланысы, бүгіні мен болашағы сөз етілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Іс-шараға Түркия және Қазақстан университетінің тіл ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Олар қазақ және түрік тілдерінің арасындағы лексикалық, грамматикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қарастырып, түркі тілдеріндегі етістіктердің тарихы мен қазіргі жағдайы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар түркі дүниесіне ортақ тілдік платформа жасақталып, цифрландыру дәуіріндегі технологиялық терминдерді шығару жоспары талқыға салынды. Кітап авторы доцент Кенен Коч сөздіктердің ғылыми жұмыс қана емес, бауырлас халықтар арасында тіл арқылы байланыс орнатудың жаңа қадамы екенін айтады.
«Қазақ және түрік тілдерінің арасындағы жақындықты, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу арқылы біз бір-бірімізді тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Тілдік зерттеулердің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді. Өйткені тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, мәдениетіміздің айнасы», дейді кітап авторы.
20 қаңтар 2025 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031