Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бакуде түркі әлемін зерттеуге арналған симпозиум өтті

Бакуде түркі әлемін зерттеуге арналған симпозиум өтті

ÐакÑде ÑÒ¯ÑÐºÑ ÓлемÑн зеÑÑÑеÑге аÑналÒан ÑимпозиÑм Ó©ÑÑÑ
Түркітанушылар Бакуде бас қосты. Әзербайжан астанасындағы түркі әлемін зерттеуге арналған халықаралық симпозиумге Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан бастаған бірнеше елден 400-ге жуық ғалым барып қатысты. Жиында түркі халықтарының мәдениеті, тарихы, тілі және әдебиетіне қатысты мәселелер қаралды.  Әлем түркітанушыларының симпозиумы түркі халықтарының ортақ құндылықтарын талқылап, жаңа зерттеулерді қолға алуға бағытталған. Бұған дейін ауқымды шара Қазақстанда өткізіліп, түркі әлемінің тілі, мәдениеті, экономикасына қатысты мәселелер қарастырылған. Ал биылғы симпозиумға біздің елден 40-тан астам зерттеуші арнайы барды.
Гауһар Алдамбергенова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінң ректоры:
- Симпозиум дәстүрлі түрде жылма-жыл өтеді. Міне, бүгін алтыншы симпозиум ашылып отыр. Біз тағы да осы Әзербайжан елінде бас қосып отырмыз. бұл жерге 400-ге жуық ғалымдар келіп мұнау түркі еліне қатысты ғылым, өнер, білімге, тілге байланысты әлі де ашылмай жатқан қырларын анықтайды деген ойдамын.  Жалпы симпозиум бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Биылғы шарада филолог мамандарды дайындау, әдебиет, тарих және латын қаріпі арқылы ұлттық сананы жетілдіруге басымдық берілді. Күн тәртібінде сондай-ақ  түркі елдеріндегі гендерлік білім мәселесі де сараланды.
Сайра Нағашыбайқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің деканы:
- Біз бүкіл түрік әлеміндегі ғалымдардың басын қосып қазір әлемдік деңгейдегі түрік халықатарына ортақ педагогикалық мәселелер қарастырлды. соның ішінде қазір біздің елімізде болып жатқан мына латын графикасына көшу мәселесінің талқылануы.
Жиынға қатысушылар түркітанушылардың былай  жиі басқосуы түркі әлемін тану бойынша білімді шыңдап, өзекті мәселелердің шешімін табуға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ ғалымдардың білім саласында заманауи әдістемелерді табуға септігін тигізетіндігі де паш етілді.
Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/322101-bir-atar-t-rki-lemin-zertteuge-arnal-an-simpozium-tti
15 маусым 2019 ж. 598 0