Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді

Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді



Белгілі әнші Димаш Құдайберген бауырлас түрік еліне көңіл айтты.

«Қазақ халқына бауырлас Түркия, Сирия және басқа да мемлекеттерде болып жатқан апатты жағдайларды естідім. Бұл жаңалықты күйзеліспен қабылдап отырмыз. Опат болған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен жандардың сауығып кетуін тілейміз», деді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ ол жеке ән кешінен түскен қаржының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.
«Осы тұста әлем бойынша өткізіліп жатқан ән кештерімнен түскен қаражаттың бір бөлігін табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударамын. Командама тапсырма бердім. Әр отбасыға аманшылық тіледім. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын», деп түркі халқының қайғысына ортақтасты.
 
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
08 ақпан 2023 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031