Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаға қатысады

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаға қатысады

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV телеарнасының "PhantaCity" жаңа музыкалық телешоуында өнер көрсетеді. ДHunan TV Вейбо парақшасындағы мәліметтерге сәйкес, "PhantaCity" музыкалық телешоуының сегізінші кезеңі бойынша түсірілім жұмыстары 15 тамызда басталған. Ол 14 қыркүйекте эфирден көрсетіледі. Отандасымыз бұл жобада "Restart My Love" әнін шырқайды. "PhantaCity" – 12 кезеңнен тұратын музыкалық телешоу. Жобаның әр кезеңінде 4 әнші және кино актері орындаушы ретінде шақырылып, 32 күн дайындық жұмыстары жүргізіледі. Өнерпаздар 4 түсірілім тобымен бірге 8 минуттық қысқа музыкалық бейнебаян жасайды. Түсірілім барысы көрермендерге тікелей экраннан көрсетіліп, ән жанды дауыста орындалады. Әнші әнді орындаумен қатар, сценарий бойынша актерлік шеберлігін көрсетуі тиіс. Әр орындаушы үшін тек бір рет өнер көрсету мұмкіндігі берілген.

Massaget.kz
13 қыркүйек 2018 ж. 997 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930