Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет: Алматы облысында жаңа спорт кешені салынады

Үкімет: Алматы облысында жаңа спорт кешені салынады

Үкімет: Алматы облысында жаңа спорт кешені салынадыЖоба "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады. Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған.
Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған. 2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде.
Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді.
Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жұмыс жалғасып жатыр.
13 қаңтар 2025 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (9269)

11 қаңтар 2025 ж.

№1 (9268)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (9267)

30 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031