Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Марат Омаровтың есебін тыңдап, нақты тапсырма берді

Президент Марат Омаровтың есебін тыңдап, нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке Агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Марат Омаров бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2025 жылға арналған жоспарды таныстырды. Монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.

Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отыр. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда

08 қаңтар 2025 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (9268)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (9267)

30 желтоқсан 2024 ж.

№102 (9266).

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031