Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Қазақстан Президентіне Есеп комитетінің төрағасы ведомствоның 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы уақытта орындайтын міндеттері жөнінде мәлімет берді.
Наталья Годунованың айтуынша, былтыр Есеп комитеті 18 аудиторлық және сараптамалық-аналитикалық іс-шара өткізіп, 47 триллион теңгеден астам қаржыға аудит жүргізген.
1,8 триллион теңгеге дейінгі бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға және жұмсауға байланысты заң бұзушылықтар 1,5 есе, 81 миллиард теңгеге дейінгі қаржылық заң бұзушылықтар 2 есе өскен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемия кезінде экономиканы қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасының іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы активтердің тиімді басқарылуына жүргізілген бағалау жұмыстары жайында айтылды.
Кездесу соңында Президент Есеп комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді, атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіруді міндеттеді. 
18 наурыз 2021 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30